Қор халықпен кері байланыс арналарының аясын кеңейту мақсатында «Bereke Bank» акционерлік қоғамымен өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Енді банк клиенттеріне мобильді қосымша арқылы МӘМС қызметтері қолжетімді болады.
Бұл жаңашылдық банктің әр клиентіне мобильді қосымша арқылы сақтандырылу мәртебесін және төлемдердің тұрақтылығын тексеруге мүмкіндік береді.
«Қор азаматтарға МӘМС бойынша ақпаратты алуды барынша жеңілдетуге мүдделі. Екінші деңгейдегі банктермен өзара ынтымақтастық оларға ыңғайлы форматта мәртебені тексеру функциясын қолжетімді етуге көмектеседі», – деп атап өтті Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Алматы қаласы бойынша филиалының директоры Ілияс Мұхамеджан.
«Bereke Bank» АҚ-мен меморандумға қол қою ең алдымен банк клиенттері үшін МӘМС туралы ақпараттың қолжетімділігін кеңейтуге бағытталған. Ұзақ мерзімді перспективада пациенттердің құқығы мен медициналық көмек алуға қатысты білімін арттыру үшін қосымша қызметтер қарастырылады.
«Қысқа мерзімді перспективада Bereke Bank мобильді қосымшамызға қосымша сервистер енгізіледі. Жаңа функционалды 2024 жылдың соңына дейін іске асыруды жоспарлауда. Бүгінгі меморандумға қол қою – қазақстандықтардың денсаулығын қорғау мақсатындағы тиімді серіктестіктің бастамасы», – деп мәлімдеді корпоративтік бизнес жөніндегі басқарушы директор Владимир Бондарь.
МӘМС бойынша мәртебені тексеру қызметі бұған дейін 3 банктің, атап айтар болсақ, Kaspi Bank, Halyk Bank және Банк ЦентрКредит қосымшаларында қолжетімді болды.
«Қор азаматтарға МӘМС бойынша ақпаратты алуды барынша жеңілдетуге мүдделі. Екінші деңгейдегі банктермен өзара ынтымақтастық оларға ыңғайлы форматта мәртебені тексеру функциясын қолжетімді етуге көмектеседі», – деп атап өтті Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Алматы қаласы бойынша филиалының директоры Ілияс Мұхамеджан.
«Bereke Bank» АҚ-мен меморандумға қол қою ең алдымен банк клиенттері үшін МӘМС туралы ақпараттың қолжетімділігін кеңейтуге бағытталған. Ұзақ мерзімді перспективада пациенттердің құқығы мен медициналық көмек алуға қатысты білімін арттыру үшін қосымша қызметтер қарастырылады. «Қысқа мерзімді перспективада Bereke Bank мобильді қосымшамызға қосымша сервистер енгізіледі. Жаңа функционалды 2024 жылдың соңына дейін іске асыруды жоспарлауда. Бүгінгі меморандумға қол қою – қазақстандықтардың денсаулығын қорғау мақсатындағы тиімді серіктестіктің бастамасы», – деп мәлімдеді корпоративтік бизнес жөніндегі басқарушы директор Владимир Бондарь.
МӘМС бойынша мәртебені тексеру қызметі бұған дейін 3 банктің, атап айтар болсақ, Kaspi Bank, Halyk Bank және Банк ЦентрКредит қосымшаларында қолжетімді болды.
03.10.2024
66% считают статью полезной
Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
Қазақстан денсаулық сақтау саласын қаржыландыруды мемлекеттік басқарудың жаңа моделіне көшуде
2026 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ денсаулық сақтауды қаржыландыруды мемлекеттік басқарудың жаңа моделіне көшуге дайындықтың бірінші кезеңін аяқтады.
Жүргізіліп жатқан
трансформация мемлекеттік ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыру, денсаулық
сақтау...
08.07.2026
БАНКТЕРДІҢ МОБИЛЬДІ ҚОСЫМШАЛАРЫНДАҒЫ PUSH-ХАБАРЛАМАЛАРДАН КЕЙІН 835 МЫҢНАН АСТАМ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕ САҚТАНДЫРЫЛҒАН МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары арқылы push-хабарламалар жіберу жолымен азаматтарды міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіндегі мәртебесі туралы хабардар ету сервисінің жұмыс нәтижелеріне талдау жүргізді.
02.07.2026
ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ҚОРЫНДА ҚОҒАМДЫҚ-КОНСУЛЬТАТИВТІК КЕҢЕСТІҢ ЖАҢАРТЫЛҒАН ҚҰРАМДАҒЫ АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Кездесу Медицина қызметкерлері күні қарсаңында ұйымдастырылып, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелерін талқылауға арналған маңызды алаңға айналды.
23.06.2026



